КФФБұқаралық футбол

14 қазан 2026

FC BKS командасы УЕФА Аймақтар кубогында Қазақстан намысын қорғайды

Бұл турнирде Қазақстан атынан «Қазақстан Әуесқой Лигасының» 2024 және 2025 жылдардағы чемпионы – алматылық FC BKS командасы өнер көрсетеді.

УЕФА Аймақтар кубогы – УЕФА-ға мүше ұлттық қауымдастықтардың өкілдері бақ сынайтын әуесқой командалар арасындағы халықаралық турнир.

Бастапқы кезеңнің матчтары 14, 17 және 20 қазан күндеріне жоспарланған. FC BKS командасының топтағы қарсыластары – чехиялық Central Bohemia Region, болгариялық South-West Bulgaria және грузиялық FC Basa.

FC BKS командасы матчтарының кестесі:

14 қазан, 14:00 Central Bohemia Region (Чехия) – FC BKS (Қазақстан)

17 қазан, 14:00 South-West Bulgaria (Болгария) – FC BKS (Қазақстан)

20 қазан, 17:00 FC BKS (Қазақстан) – FC Basa (Грузия)

FC BKS ұжымының УЕФА Аймақтар кубогына қатысуы – қазақстандық әуесқой футбол үшін маңызды халықаралық тәжірибе әрі «Қазақстан Әуесқой Лигасының» одан әрі дамуына үлкен серпін болмақ.

FC BKS командасы УЕФА Аймақтар кубогында Қазақстан намысын қорғайды