
Жарыс 19-30 шілде аралығында өтеді. Үздік атану үшін 8 команда бақ сынасуда: Астана, СҚО, Павлодар, Жамбыл, Алматы, Атырау, Қостанай және Түркістан облыстары.
Турнир өңірлердегі бұқаралық әрі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және болашағынан үміт күттіретін жас ойыншыларды анықтауға бағытталған.