
Тартысты өткен матчтардың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Қайранкөл жалпы орта білім беретін мектебінің командасы жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің аруларына бұйырса, үздік үштікті Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Абай атындағы №50 орта мектептің ұжымы қорытындылады.
Турнир нәтижесінде ұйымдастырушылар жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар мен бапкерлерді анықтады:
Үздік қақпашы – Әлима Махмуд (Маңғыстау облысы, №7 ЖББМ)
Үздік қорғаушы – Жауқазын Ерғали (Қызылорда облысы, Абай атындағы №50 орта мектеп)
Үздік жартылай қорғаушы – Аружан Төреханова (Алматы облысы, №39 гимназия)
Үздік сұрмерген – Гюзель Теміртас (Маңғыстау облысы, №7 ЖББМ)
Үздік ойыншы – Айлана Талғат (СҚО, Қайранкөл ЖОББМ)
Үздік бапкер – Арарат Рзабеков (Маңғыстау облысы, №7 ЖББМ)