КФФБұқаралық футбол

28 сәуір 2026

Қыздар арасындағы Balgyn League жаңа маусымы басталады

Жүлде үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 22 команда таласады. Турнир «Оңтүстік-Батыс» және «Солтүстік-Шығыс» атты екі аймақтық конференцияға бөлінген, олардың әрқайсысы төрт топтан тұрады.

«Оңтүстік-Батыс» конференциясының қатысушылары:

1-топ: «Тұран», «Қайсар», «Ақтөбе»;

2-топ: «Ордабасы», «БИІК-СДЮСШОР №17»;

3-топ: «Каспий», «Атырау», «Жайық»;

4-топ: «Қайрат», «Жетісу», «SD Family».

«Солтүстік-Шығыс» конференциясының қатысушылары:

1-топ: «Тобыл», «Оқжетпес», «Қызылжар»;

2-топ: «Елімай», «Ертіс-Павлодар», «Алтай Өскемен»;

3-топ: «Шахтер», «Ұлытау», «Тараз»;

4-топ: «Жеңіс», «Астана».

Алдын ала кезеңнің күнтізбесі:

Турнирдің алдын ала кезеңі еліміздің көптеген аймақтарын қамти отырып, төрт турда өтеді:

1-тур (1-8 мамыр): Матчтар Қызылорда, Шымкент, Ақтау, Алматы, Қостанай, Өскемен, Тараз және Астана қалаларында өтеді.

2-тур (31 мамыр-6 маусым): Ойындарды Шымкент, Атырау, Павлодар және Тараз қалалары қабылдайды.

3-тур (5-11 шілде): Матчтар Ақтөбе, Талдықорған, Көкшетау және Астана қалаларында өтеді.

4-тур (26 шілде-1 тамыз): Конференциялардың қорытынды кезеңі Алматы, Орал, Петропавл және Павлодар қалаларында өтеді.

Маусымның шешуші матчтары, яғни 1-ден 22-ге дейінгі орындар анықталатын финалдық тур 2026 жылдың 15-25 қыркүйек аралығында өтеді.

Balgyn League жобасы аймақтардағы әйелдер футболын бұқаралық түрде дамытуға және Қазақстанның жасөспірімдер құрамалары үшін сапалы ойыншылар дайындауға бағытталған.

Қыздар арасындағы Balgyn League жаңа маусымы басталады