
Турнирге 9-11 сынып оқушылары қатысады. Жарыстар 17-23 сәуір аралығында қыздар арасында, ал 23-30 сәуір күндері ұлдар арасында өтеді.
Финалдық кезең Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтеді.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген мектеп командалары қатысады.