
«Қазақстан әуесқой лигасының» алғашқы чемпионы BKS командасы Аймақтар Кубогын аралық кезеңнен бастайды. Алматылық ұжым 4 топқа Чехия, Болгария және Грузия құрамаларымен бірге түсті.
Бұл кезең матчтары мини-турнир форматында өтеді. Әр топтың жеңімпазы Аймақтар Кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.