КФФБұқаралық футбол

13 қазан 2025

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанды жеңді

Ойын Талғар қаласындағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтті. Бірінші тайм тең дәрежеде өткенімен, үзілістен кейін қазақстандық футболшылар басымдыққа ие болды. 46-минутта Қайсар Әнуарбек есепті ашса, негізгі уақытқа қосылған минуттарда Бекнұр Нұрлан пенальтиден гол соғып, кездесудің қорытынды есебін тіркеді – 2:0.

Бұл жеңіс жас ойыншыларымыздың дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетіп, алдағы халықаралық турнирлер қарсаңында командаға қосымша сенім сыйлады.

Жолдастық кездесу

Қазақстан U-15 – Өзбекстан U-15 2:0

Голдар: 46’ Қайсар Әнуарбек, 80+4’ Бекнұр Нұрлан (пенальти)

ҚФФ Ұлттық құрамалар базасы, Талғар

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанды жеңді