
Аталған команда финалда М.Нұрғалиев мектебінің командасымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Кейін пенальти арқылы ұпайды шешті.
Айта кету керек, республикалық кезеңге әр облыстан іріктелген командалар қатысады. Жалпы алғанда, жарыстың финалдық кезеңіне алты жас ерекшелігі бойынша аймақтық жеңімпаз командалар жиналады.
Чемпионат балалар футболын дамыту, жас спортшылардың тәжірибе алмасуына және жоғары деңгейде шеберлігін шыңдауына мүмкіндік жасау мақсатында ұйымдастырылды.