
Чемпионат қазіргі таңда Алматы, Қостанай, Тараз және Атырау қалаларында өтіп жатыр. Кейінірек турнир еліміздің басқа да өңірлерінде жалғасын табады. Жарыс Қазақстанның 18 аймағын қамтиды.
Биылғы біріншілік 6 жас санаты бойынша ұйымдастырылған. Жалпы саны 400-ден астам командада 6500-ден аса жас футболшы өзара бақ сынауда.
Турнир жасөспірім ойыншылардың шеберлігін шыңдап, кәсіби футболға жол ашуды мақсат етеді. Сонымен қатар еліміздегі футбол инфрақұрылымы мен академиялық жүйені дамытуға үлес қосады.