КФФБұқаралық футбол

23 шілде 2025

Өскемен қаласында өткен 2007–2008 жылы туған жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталды

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Қазақстан футболының ардагерлері Павел Салий, Павел Евтеев және Вячеслав Федоров қатысты.

Жарыс қорытындысымен 1-орынды Павлодар облысы, 2-орынды Ақтөбе облысы, ал 3-орынды Астана қаласының құрамасы иеленді.

Сондай-ақ үздік ойын көрсеткен ойыншыларға арнайы номинациялар табысталды:

• «Үздік қақпашы» – Матвей Жарков (Павлодар облысы)

• «Үздік қорғаушы» – Рабхат Аманжолов (Павлодар облысы)

• «Үздік жартылай қорғаушы» – Алдияр Төлеутай (Астана)

• «Үздік шабуылшы» – Денис Котов (Павлодар облысы)

• «Үздік сұрмерген»» – Бехруз Садықов (Жамбыл облысы), 9 гол

• Үздік ойыншы» – Әли Аққазы (Ақтөбе облысы)

Өскемен қаласында өткен 2007–2008 жылы туған жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталды