
Алматы қаласындағы «ФФ Арена» стадионында өткен додаға 8 команда қатысып, нәтижесінде «Qyran» командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орын «ЦСКА» командасына, үшінші орын «Арыстан» командасына бұйырды.
Жалпы турнир екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалар 4-тен екі топқа бөлініп, әрқайсысы бір айналымдық жүйе бойынша бір-бірімен ойнап, екінші кезеңге өтетін командаларды анықтады. Екінші кезеңде әр топта 1 және 2-орын алған командалар «плей-офф» кезеңінде ойнап, алты күндік сайыс өз мәресіне жетті.
Жеңімпаз команда 2025 жылы жеке футбол мектептері мен академияларының жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады.