КФФБұқаралық футбол

8 шілде 2025

Blind football-дан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бас бапкер Анатолий Антипиннің жетекшілігімен қазақстандық спортшылар қола медальды иеленіп, Францияда өтетін ЕУРО-2026-ның Жоғарғы дивизионына жолдама алды.

Турнирдің қорытынды үштігі:

1 орын - Испания

2 орын - Румыния

3 орын - Қазақстан

Қазақстан құрамасының ойын нәтижелері:

Румыния 4:1 Қазақстан

Қазақстан 8:0 Косово

Испания 7:0 Қазақстан

Қазақстан 2:0 Польша

Бұған дейін KFF-тің Youtube арнасында ұлттық құраманың капитаны Қанат Әкімбаев және Қазақстанда ЦП футбол мен Blind football-дың негізін қалаушы Шыңғыс Темірхановтың қатысуымен өткен «Футбол ДНК-сы» подкасты шығарылды. Толық шығарылым – сілтемеде.

Blind football-дан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды