КФФБұқаралық футбол

13 маусым 2025

«KFF Grassroots Awards»: тараздық «Dostar» жастар қоғамдық бірлестігі марапатталды

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ҚФФ бұқаралық спортты дамыту департаментінің басшысы Никита Мозговой қатысып, клуб мүшелерін құттықтап, оқу-жаттығу процесіне қажетті арнайы инвентарь жиынтығын сыйға тартты.

«KFF Grassroots Awards» — еліміздегі бұқаралық және балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға үлес қосып жүрген жеке футбол мектептері мен клубтарды, бапкерлер мен ұйымдарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған жоба.

«Dostar» жастар ҚБ 2002 жылы құрылды.

• Жамбыл облысындағы әуесқой командалар арасындағы футбол чемпионатының іріктеу кезеңінің жеңімпазы (2013, 2014, 2021 жж.);

• Жамбыл облысындағы әуесқой командалар арасындағы футбол кубогының иегері (2023 ж.);

• Қазақстанның жағажай футболы кубогының қатысушысы (2017 ж.);

• Әуесқой командалар арасындағы ҚР чемпионатының финалдық кезеңінің қатысушысы (2021, 2024 жж.);

• Жеке футбол мектептері мен академиялар арасындағы жасөспірімдер футболы бойынша Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңінде (Жамбыл облысы) 2006-2007 ж.т. командалар арасында 2-орын (2023 ж.);

• Жамбыл облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтетін барлық турнирдің тұрақты қатысушысы;

• 2023 жылдан бастап «КОПА-ТАРАЗ» жастар командасын құрып, ол Қазақстан чемпионатының әуесқой командалар арасындағы іріктеу кезеңінің 2-лигасында (Жамбыл облысы кезеңі) өнер көрсетіп келеді;

2023/2024 маусымында ҚФФ бұқаралық футбол департаменті «Балалар үйлері тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі» жобасын жүзеге асырды. Бұл жобаға еліміздің 10 өңірінен 40-тан астам балалар үйі мен 1000-нан астам бала қатысты. Жобаның 2023 жылы Тараз қаласында өтуіне «Dostar» жастар қоғамдық бірлестігі жан-жақты көмек және қолдау көрсетті. Бұл жоба UEFA Grassroots Awards 2023/2024 байқауында «Best Participation Initiative» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«KFF Grassroots Awards»: тараздық «Dostar» жастар қоғамдық бірлестігі марапатталды