КФФБұқаралық футбол

4 маусым 2025

Астанада бастауыш сыныптар арасындағы республикалық «Балдәурен» турнирі аяқталды

Турнирде үш категорияда 22 команда бақ сынасты.

2-3 сынып (аралас) – 7 команда;

4 сынып (ұлдар) – 10 команда;

4 сынып (қыздар) – 5 команда.

Ойын Астанадағы «ҚФФ футбол үйінде» өтті. Тартысты ойында балаларды жеңіске деген жігері алға жетелеп, дода шынайы эмоциялармен, жарқын сәттермен есте қалды. Турнир – бұқаралық футболды ерте жастандамытуға бағытталған.

Сайыс жеңімпаздары:

Аралас команда (2-3 сыныптар)

1 орын – Алматы қаласы(1);

2 орын – Маңғыстау облысы;

3 орын – Астана қаласы(80).

Ұлдар (4 сынып)

1 орын – Алматы қаласы;

2 орын – Астана қаласы(71);

3 орын – Жамбыл облысы.

Қыздар (4 сынып)

1 орын – Алматы қаласы;

2 орын – Жамбыл облысы;

3 орын – БҚО.

Астанада бастауыш сыныптар арасындағы республикалық «Балдәурен» турнирі аяқталды