
Шарада ҚФФ бұқаралық спорт департаментінің директоры Никита Мозговой құттықтау сөз алып, футболдың салауатты өмір салтынан бөлек, балаларды тәртіпке, командалық жұмысқа баулитынын атап өтті. Кейін федерация атынан футбол ойнауға арналған доптар жиынтығын сыйға тартты.
Жиынның ресми бөлімінен соң, федерация өкілдері балалармен футбол ойнап, естелік суретке түсті. Жасөспірімдер көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Қазақстан футбол федерациясы еліміздің әр өңірінде балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту мақсатында бірқатар жоба мен бағдарламаны жүзеге асыруда.