КФФБұқаралық футбол

19 қаңтар 2025

Астанада ЦП футболынан VII Қазақстан чемпионаты өтті

Турнирге Алматы, Тараз, Шымкент, Қарағанды және Астана қалаларынан командалар қатысты.

Турнирдің үздік ойыншылары ЦП футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2025 жылы Ирландияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысады. Бұл – халықаралық аренада өзіңді танытуға берілген бірегей мүмкіндік.

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Астана қаласы атанды. Қарағанды командасы күміс жүлдегері атанса, Шымкент қаласы үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ чемпионаттың қорытындысы бойынша үздіктері анықталды:

Үздік қақпашы: Мұрат Нұрымжан (Астана) / Бекарыс Барат (Алматы)

Үздік қорғаушы: Виталий Крадин (Қарағанды)

Үздік шабуылшы: Қуаныш Мадияров (Тараз)

Сұрмерген: Олжас Есперов (Астана)

Үздік ойыншы: Нұрдәулет Жетпісбай (Астана)

Астанада ЦП футболынан VII Қазақстан чемпионаты өтті