КФФБұқаралық футбол

9 маусым 2024

«Малайсары» – жағажай футболынан 2024 жылғы Қазақстан Кубогының иегері!

Жетісу облысының атынан қатысқан «Малайсары» командасы ел Кубогын жеңіп алды.

Күміс жүлдені 1хSpartak (Абай облысы) иеленсе, жүлдегерлер үштігін павлодарлық «Арман» түйіндеді.

Жеке марапат:

Үздік ойыншы - Самат Ысқақов («Малайсары»)

Үздік қорғаушы - Станислав Макагон («Арман»)

Үздік қақпашы - Тимофей Гусев (1хSpartak)

Сұрмерген - Арман Шотанов («Barqy»)

Марапаттау рәсіміне ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің директоры Никита Мозговой мен ҚФФ аймақтық байланыс департаментінің директоры Марат Тәкенов қатысты.

«Малайсары» – жағажай футболынан 2024 жылғы Қазақстан Кубогының иегері!